Семейде тұрақ боксы өртенді
АСТАНА. KAZINFORM – Құтқарушылар 5 рейстік автобусты өрттен сақтап қалды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Түн ортасында 112 пультіне күзет қызметінен Семей қаласында халықаралық жолаушы тасымалымен айналысатын жеке меншік компанияның аумағында тұрақ боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖД күштері шақыртуға жоғары рангпен шықты. Түтіннің жоғары тығыздылығына қарамастан, газ-түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде бокста жеңіл автокөліктің жанып, өрт шатырдың ағаш конструкцияларына көшкенін анықтады.
Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермей, 5 рейстік автобусты сыртқа алып шықты.
Өрт 250 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетелік Баянауылдық өрт сөндірушілер әжесі мен екі немересін құтқарды.