Семейде тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылар 5 учаскеге барып дауыс бере алады
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 20 қараша күні Семейде тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылар өз дауыстарын беруі үшін тиісті жағдай жасалған. 5 сайлау учаскесінде олар үшін тіркеу сервистері жұмыс істейді.
«Түрлі себептермен тіркеліп үлгермеген және тізімге енгізілмеген тұрғындар уақытша тіркелу үшін осы учаскелерге өтіп, дауыс беруге мүмкіндік алады. «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша еш жерде тіркелмеген азаматтарды бір тәулікке тіркеуге рұқсат береді. Аталған учаскелердің мекенжайлары:
- №44 мектеп (Бобровка кенті, Строительная көшесі, 8);
- №49 мектеп (Ұшактар шағын ауданы, 1);
- №2 мектеп (Сәтпаев көшесі, 218);
- №34 мектеп (Восход кенті);
- №47 мектеп (6-линия көшесі, 18а)», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, сайлау күні шаһар халқы жалпы саны 149 учаскеге барып дауыс бере алады. Оның ішінде 19-ы жабық сайлау учаскесі.