Семейде жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Семейде жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Семейде жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды

Осыдан бірер күн бұрын шаһар басшысы Ермак Сәлімовтың Юность кентіне велосипедпен барғанын жазған едік. Ауданның бұрыш-бұрышында шашылған қоқысты көрген әкім қала тұрғындарын сенбілікке де шақырған болатын.

Осыған байланысты бүгін Юность ауданына жаңа қоқыс жәшіктері орналастырылды.