Семейде жаңа мамандандырылған ХҚО ашылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде жаңа мамандандырылған ХҚО ашылды

Енді тұрғындар аталған ХҚО-да автомобилін тіркей алады, жүргізуші куәлігін алуына болады. Мұнда автомобиль жүргізушілеріне автокөлікті есепке қою, шығару, сақтандыру секілді бірқатар қызметтер көрсетіледі. Бұдан тыс, жаңа ХҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болғандар медициналық тексеруден және тест емтихандарынан өтуіне болады. Бұл - Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы мамандандырылған ХҚО. Алдағы уақытта Өскеменде де осындай орталық ашу жоспарда бар.

«Жаңа мамандандырылған ХҚО тұрғындарға қажетті қызметті тиімді әрі жылдам алу мүмкіндігін береді. Яғни, мұнда «бір терезе» принципі бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл өте қолайлы, өйткені көп уақыт жұмсауды қажет етпейді», - дейді мамандандырылған ХҚО-ның құжаттар қабылдау жөніндегі маманы Олеся Абраменко.