Семейде жаңажылдық корпоративтер қатаң бақыланады
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында жаңажылдық корпоративтердің өткізілмеуі қатаң бақыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ тексерулер алдын ала ескертусіз жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, өңірдегі тамақтану орындарына жексенбіден басқа күндері сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.
ШҚО Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Жаңа жыл қарсаңында олар таңғы 04.00-ге дейін жұмыс істейді.
Бірақ корпоративтік шаралар өткізуге тыйым салынған. Егер тексеру барысында корпоратив ұйымдастырғандар анықталса, заң бойынша жазаға тартылады.