Семейде жаттықтырушы суға батып бара жатқан баланы құтқарды
АСТАНА.KAZINFORM – Оқиға 18 тамызда болған.
Суға батып бара жатқан баланы көрген ол дереу суға түсіп, балаға жүзіп барып, оны жағаға алып шықты. Содан кейін баланың ата-анасымен байланысып, баланы оларға тапсырды.
Жаттықтырушының батылдығы, шешімділігі және уақытылы әрекетінің арқасында 7 жастағы бала құтқарылды.
Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Тимур Рахымжанов Абай облысының ТЖД-де марапатталды. ТЖД басшылығы оның батылдығын, тез шешім қабылдау қабілетін және ерлігін ерекше атап өтті.
Айта кетейік, ТЖМ қызметкерлері Балқаш көлінде екі баланы құтқарған еді.
Оралда полицейлер 7-қабат терезесінен құлап кете жаздаған баланы құтқарды.