Семейде Жеңіс даңғылын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде

СЕМЕЙ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Ұлы Отан соғысының 65 жылдығының қарсаңында  Семейде Жеңіс даңғылын қайта жаңарту шаралары жүргізілуде.

Семейде Жеңіс даңғылын қайта жаңарту жұмыстары  жүргізілуде

20 жылдан бері алғаш рет қолға алынып отырған бұл жұмыстарға «Жол картасы» бағдарламасы аясында 34 миллион теңге бөлінді. Жаз маусымында құрылысшылар осындағы жолдарға асфальт төседі, гүлзарлар мен аллеяларды жаңартты.

Мердігерлер жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтауға уәде беріп отыр.