Семейде жер үйден өрт шығып, 3 адам зардап шекті
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жер үйде шыққан өрттің жалпы аумағы 130 шаршы метрге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 сәуір күні сағат 19.27-де болған.
«Өрт сөндірушілер жеткенше отқа оранған жер үйдің көршілері 4 адамды сыртқа алып шыққан. 1960 жылғы үй иесі денесінің 15%-ын үшінші дәрежелі күйік шалды. Қазір ол аурухаға жатқызылған. Ал оның 1988 жылғы қызы мен 2008 жылғы немересіне иіс тиген. Дәрігерлердің алғашқы көмегінен кейін олар ауруханаға барудан бас тартты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
