10:43, 26 Қаңтар 2020 | GMT +5
Семейде жоғалған 9 жасар бала табылды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында жоғалып кеткен 9 жасар бала 2 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«24 қаңтар күні із-түзсіз жоғалып кеткен Айдар Егізбаевты Әуезов аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқушы бала 24 қаңтар күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын бұған дейін жазған болатынбыз.