Семейде жоғалған қыз дін аман табылды

СЕМЕЙ.KAZINFORM — Таңертең жоғалып кеткен 9 сынып оқушысы аман-есен табылды. Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті хабарлады. 

полиция
Фото: polisia.kz

Құзырлы органға хабар түскен бойда, полицейлер мен қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар жұмылып, бүкіл қалан бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. 

Олар қараусыз қалған ғимараттар мен ойын-сауық орындарын аралады. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны «Қазына» сауда үйінен тапты.

Қазіргі уақытта оқушы қыз Орталық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтың қарауынан кейін-ата-анасына тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар