Семейде «Жол картасы» жұмыссыздардың санын қысқартуда

СЕМЕЙ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Лина Савина/ - Семейде «Жол картасының» іс-шаралары бойынша қаланың тіркелген еңбек рыноктарында жұмыссыздар санының қысқарғаны атап өтілді.
None
None

Соңғы төрт ай ішінде тіркелген жұмыссыздар санының көрсеткіші 27 пайызға азайған.

 Семейде «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін қайта құру, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиісті 116 нысан енгізілген. Республикалық бағдарламаның жүргізіліп келе жатқан уақыты ішінде бөлінген қаражаттарды үнемдеу есебінен қосымша 30 нысан жөндеуден өткізілді.

 Қазіргі уақытта «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 167 адам жұмысқа орналастырылды, ол жоспардың 75 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар