Семейде жүк көлігінің жүргізушісі құрылыс алаңында қаза тапты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейдегі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бұрынғы «Динамо» стадионының құрылыс алаңында  жүк тиейтін көліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Семейде жүк көлігінің жүргізушісі құрылыс алаңында қаза тапты

 «40 жастағы жүргізуші  техниканың шөмішімен жабын плиталарын тіреп тұрған тіреулердің бірін құлатып кеткен. Жүргізуші отырған кабинаға дәл сол бетонн плита құлаған», - дейді Семей ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Елеубек Оспанов.

Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып,  оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын «Динамо» стадионында ғимараттың  кірпіш қабырғаларын бұзу кезінде шұңқырға  құлап тағы бір  жұмысшы қаза тапқан болатын.