Семейде жыл басынан 20-дан астам көше жарықтандырылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында осы жылдың басынан бері 20-дан астам көше жарықтандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семей көшелерінде жарық тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жуықта Стальский, Паровозная, Қаржаубайұлы, Жаңатайұлы көшелері жарықтандырылды. Щорс көшесінен 1-ші Стальская көшесіне дейін 30 тірек қойылып, кронштейндер мен шамдар орнатылды. 1 200 сым желісі тартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қаржаубайұлы көшесінен Жаңатайұлы көшесіне дейін 19 тірек орнатылып, 650 метр сым желісі тартылған. Жалпы жыл басынан бері шаһар бойынша 20-дан астам көше жарықтандырылды.

Айта кетейік, 2022 жылдың соңына дейін Семейде барлығы 100-ден астам көшеге жарық тарту жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар