Семейдегі аспалы көпірге зақым келді

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың 13 ақпанында сағат 11:05–те Холодный Ключ кентіндегі («Большой Остров» саяжай массиві) аспалы көпірдің зақымдануы туралы тұрғындардан хабарлама келіп түсті.

Семейдегі аспалы көпір
Фото: Видеодан скриншот

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Холодный Ключ кентіндегі көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Холодный Ключ кентіндегі көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Көпірдің ені 1,5 метр, ұзындығы 100 метр. Көпір астындағы судың тереңдігі шамамен 3 метр, ал су деңгейінен құрылымға дейінгі қашықтық 50–60 см құрайды. Жағдай Семей қаласы әкімдігінің бақылауында, — делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, сот мүмкіндігі шектеулі семейлік азаматты тұрғын үймен қамтуға міндеттеді.

США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты