Семейдегі көлік кептелісі: қаладағы жолдар кеңейтіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі автокөлік кептелесі мәселесін шешу үшін қандай іс-шалар жүзеге асырылатынын айтты.

строительство дорог жол құрылысы
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

«Жақында бекітілген Семей қаласының Бас жоспары аясында бірге көшелер мен жолдар кеңейтіледі. Сонымен қатар, біраздан бері жабық тұрған көшелерді ашамыз. Атап айтқанда, Бас жоспарда ескерілген іс-шаралар қаладағы көлік кептелесін едәуір азайтады деп ойлаймын», - деді Н. Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек облыс әкімі көлік инфрақұрылымы саласында Семейде төрт жолақты жаңа көпір салу жобасы іске асып жатқанын еске салды.

«2022 жылдан бері республикалық бюджеттен 15,7 млрд теңге бөлінді. 2025 жылғы бюджет жобасында тағы 8,5 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.

Жақында өңір әкімі Абай облысы бойынша жол сапасын жақсартуға қатысты жауап берген еді. 

Абай облысының автомобиль жолдарының ұзындығы — 6 832 шақырым (республикалық — 2 176, облыстық — 1 593, аудандық — 3 063). Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» және «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» бағыттарындағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмысы жүріп жатыр. «Қазавтожол» ақпараты бойынша «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының 85 пайызы аяқталды.

Соңғы жаңалықтар