Семейдегі аспалы көпірде көлік терезесінен шығып видео түсірген түлектерге айыппұл салынды
Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Семейдегі аспалы көпірмен келе жатып жол қозғалысы ережелерін айқын бұзған түлектердің түсірген видеосын байқады.
«TOYOTA» көлігінің 19 жастағы жүргізушісіне қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігімен (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін) 5 АЕК – 17250 теңге және 612-бабы 2-бөлігі бойынша (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) 20 АЕК – 69000 теңге айыппұл салынды», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ көліктің 20 және 19 жастағы жолаушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігімен (жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) 6900 теңге айыппұл салынған.