Семейдегі аспалы көпірді жапондық компания күрделі жөндеуден өткізеді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы аспалы көпірді жапондық компания күрделі жөндеуден өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Семейдегі аспалы көпірді жөндеуге қатысты жапондық ITOCHU компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Онда көпірді зерттеудің барысы мен жөндеу жұмыстарының жоспары сөз етілді. Бүгінгі таңда көпірдегі негізгі және жүк көтергіш құрылымдардағы ақаулар жойылып отыр.

«Көпірдің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін тірек кабельдер су өткізбейтін қабатпен жабылуы керек. Анкерлі тірек кабельдері үшін кептіру жүйесін орнату қажет. Асфальтты ауыстыру да көзделген. Сондай-ақ алдағы уақытта көпірді жақсы күтіп-ұстау үшін оның жағдайын жүйелі түрде бақылаған жөн», - деді облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Қазіргі уақытта тиісті жұмыс жоспары белгіленді. Жақын арада жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жапондық компаниямен консорциум құрылмақ.

Айта кетейік, Семейдегі аспалы көпірі 2001 жылы салынған. Көпірдің жалпы ұзындығы - 1086 метр. Пайдалануға берілген уақыттан бері күтіп-ұстау жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен көпір күрделі жөндеуді қажет етеді.


Соңғы жаңалықтар