Семейдегі Ертіс өзенінің жағалауын нығайтуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауын нығайтуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейдегі Ертіс өзенінің жағалауын нығайтуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары 80 пайызға орындалды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобаға 1 миллиард 444 миллион теңге бөлінген. Осы жылдың шілдесінде басталған жұмыстар 2022 жылдың қаңтарында аяқталады деп жоспарланып отыр», - делінген ақпаратта.

Жағалауды нығайту жұмыстары төрт учаскеде жүргізілмек. Атап айтқанда, Пристань ауданында, «Бейбітшілік» аралында, Мирный және Восточный елді мекендерінде.