Семейдегі ХҚО-ларда сот орындаушылары жұмыс істей бастады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей прокуратурасының бастамасымен қаланың барлық ХҚО-ларда сот орындаушылары жұмыс істей бастайды. Енді тұрғындар орталыққа жүгініп, оларда төленбеген айыппұл не алимент бойынша қарыздың бар-жоғын тексере алады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Семей қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.  

 Семейдегі ХҚО-ларда сот орындаушылары жұмыс істей бастады

Бұл жаңалықты қадағалау ведомствосы  «100 нақты қадам» ұлт жоспары және «Айыппұл төле», «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам», «Алимент төле» жобаларын іске асыру аясында іске қосты. Халыққа қызметті айыппұл мен алиментті өндіріп алу бойынша мекеме қызметкерлері ұсынады. Бұл шара халықты тиісті хабардар ету  және қарызды уақтылы өтеу үшін қабылданды

Қалалықтар сондай-ақ ҚР Әділет министрлігінің сайтынан да оларда төленбеген айыппұл немесе қарыздың бар-жоғы жайлы біле алады.