Семейдегі «Ленин» көшесін «Мәңгілік ел» деп өзгерту ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде «Ленин» көшесі мен «Полковничий» аралдарының атауын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау болып өтті, деп хабарлайды«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Семей қаласының ішкі саясат бөлімімің басшысы Айдар Садырбаевтың хабарлауынша, бүгін қоғамдық тыңдауға қоғамдық институттың, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан. Тыңдауда қалалық ономастикалық комиссияның ұсынысы бойынша екі мәселе қаралған. Атап айтқанда, «Ленин көшесінің атауын «Мәңгілік ел» деп өзгерту ұсынылса, семейлік ақсақалдар сонымен бірге Полковничий аралын «Бейбітшілік аралы» деп өзгертуді сұрап хат жазған.

«Аталған екі ұсыныс облыстық ономастикалық комиссияға жолданды. Шешім қабылданғаннан кейін ресми жарияланым болады», - дейді Айдар Садырбаев.

Айта кетерлігі, 22 қыркүйекте Қазақтың рухани астанасы - Семей шаһарындағы дәл осы Ленин мен Шугаев көшелерінің қилысында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылған болатын. 

Фото: arnapress.kz

Соңғы жаңалықтар