Семейдегі мектеп-интернатта бала қайтыс болды
«Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, 17 тамызда Семей қаласының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат« КММ тәрбиеленушісі қайтыс болды. Өлімінің алдын ала көрсетілген себебі – бас миының ісінуі.⠀
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мәселені егжей-тегжейлі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Оны ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат басқарады. Жұмыс тобының құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы, ТКҚСҚБД, сондай-ақ қоғам өкілдері кірді.⠀
Әр баланың өлімі - қайғылы жағдай. Сондықтан әр жағдайды толыққанды зерделеп, зерттеу қажет. Айта кету керек, аталған мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында», - делінген таратылған ақпаратта.
⠀