Семейдегі орман өрті: Бұлақтан 80-ге жуық адам көшірілді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысындағы Бұлақ ауылынан 80-ге жуық адам көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
«Қою түтін салдарынан Семей қаласының Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды.
Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы», - деп жазды жергілікті ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін Озерского ауылының тұрғындары эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.