01:06, 11 Маусым 2023 | GMT +5
Семейдегі орман өрті: эвакуацияланған балалар бос уақыттарын тиімді өткізді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысындағы өрт аймағынан эвакуацияланған балалар бүгінгі бос уақыттарын тиімді өткізді. Олар биологиялық орталыққа, кино мен балалар саябағына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, балалардың өткен мазасыз күндерін жарқын эмоциялар мен позитивтілік алмастырды.
«Эвакуацияланған ауылдардың егде тұрғындары да жағымды эмоцияларға ие болды. Олар үшін эвакопунктте ыстық тамақ ұйымдастырылды, сондай-ақ монша қабылдау ұсынылды», - деп жазды ведомстводан.