Семейдегі орман өрті сөндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы қарағайлы орман өрті сөндірілді. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейдегі орман өрті сөндірілді

«Өрт сағат 19-00-де сөндірілді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 3 948 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге жұмылдырылған Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің мамандары мен құралдары тұрақты орналасқан жерлеріне оралуда», - деді комитеттен.