12:50, 23 Ақпан 2018 | GMT +5
Семейдегі радиологиялық орталық келер жылы қолданысқа беріледі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы әкімі 2017 жылы атқарылған істер бойынша тұрғындар алдында есеп беруде. Онда өңір тұрғындарының сауалына жауап берген Даниал Ахметов Семейдегі радиологиялық орталық іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталмыш орталыққа орнатылған қондырғылардың қауіпсіздігіне күмән келтірілген болатын. Осыған байланысты екі жыл соттастық. Қазір бұл мәселе бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия нақты шешім шығарғанша қондырғыларға демонтаж жасай алмадық. Бұл мәселе жыл аяғына дейін шешімін табады. Келер жылдың басына қарай радиологиялық орталық қолданысқа берліуі тиіс» - деді әкім.