Семейдегі жерасты өткелдері күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының әкімдігі мердігерлермен бірлесіп жерасты өткелдерін күрделі жөндеуден өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Семейдегі жерасты өткелдері күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр
Видеодан алынған кадр: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Жерасты өткелдеріндегі тағы бір мәселе – бұзақылардың кесірінен жарықтандыру құрылғылары мен электр сымдарының бүліне беруі. Тұрғындар қалалық әкімдікке жерасты өткелдеріндегі жарықтың болмауына байланысты жиі шағымданады.

Қазіргі таңда Семей қаласының жергілікті полиция қызметі бұзақыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өткел ішіне видеокамералар орнатылмақ.