Семейдің тыныштығын «Шығыс» әскери қызметшілері күзетіп тұр
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан бейнематериалда айтылған.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысуда.
Өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімшелер жауапты аймақта стратегиялық және аса маңызды нысандарды күзетіп тұр. Олар құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, елді мекендердегі кіреберістерді жіті бақылауына алған.
«Осынау бір мемлекетіміз үшін күрделі кезеңде күштік құрылымдардың «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Жоғары бас қолбасшы – Президенттің тапсырмасын орындап жатыр. Қазір ең басты мәселе – елдің Тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау. Қазір мемлекеттік стратегиялық және әскери нысандар күзет пен қорғауға алынған. Елді мекендердің кіре берісіне блокпостар қойылды», - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов.