Семейдің ең қарт тұрғыны 108-ге келді

108 жас
Фото: Семей қаласы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласының ең қарт тұрғыны Анна Казаченко 108-ге келді. 

Казаченко Анна Федоровна 1916 жылы Алтай өлкесінің Лаптилок ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Али Федор Демьянович азаматтық соғыста қаза болды. Анасы жалғыз қалып, 5 баланы өзі тәрбиелеген. Анна 8 жасынан бастап балаларды қарайласқан. 16 жасында колхозға барып жұмыс істеді.

108 жас
Фото: Семей қаласы әкімдігі

Басында комбайнер курсын бітіріп, сол мамандығы бойынша еңбек еткен. 1938 жылы тұрмыс құрды. 1951 жылы Семейге көшіп келіп, бүгінгі күнге күнге дейін осы қалада тұрып келеді.

Семей қаласы әкімдігі
Фото: Семей қаласы әкімдігі

108 жасқа келген Анна Казаченконы қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтады.

«Құрметті Анна Федоровна! Туған күніңізде сізге ең ізгі тілектерді арнағым келеді. Сіз қаланың игілігі үшін тынымсыз еңбек еттіңіз. Өмір жолыңыз батылдық пен еңбекқорлықтың үлгісі. Мейірімділігіңізбен, жарқын мінезіңізбен өзгелерден ерекшеленесіз. Сіз моральдық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтаушысыз, балалар мен немерелеріңіз үшін тірексіз. Өзіңізге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деді Н.Нұрсағатов. 

Соңғы жаңалықтар