Семейлік дәрігерлерге жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Конституция күні қарсаңында Семейде 15 медициналық қызметкерге жаңа баспананың кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Биылғы жылы Қарағайлы ауданында тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік инфраструктура дамуда, 5 600 орынға арналған «Абай-арена» заманауи мәдени-спорттық кешенінің құрылысы аяқталуда тақау. Кешеннің және жалпы шағын ауданның құрылысымен танысуға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов келді. Облыс басшысы кешенді қарап шығып, құрылысшылардың жұмысына оң баға берді.


«Жарты жылдың ішінде Семейдің болашағы бар ауданында жаңа тұрғын үйлер салынып бітті. Сол үйлердегі 15 пәтердің кілтін бүгін медицина саласының қызметкерлеріне табыстаймыз, себебі медицина – өміріміздің маңызды аспектілерінің бірі. Барлықтарыңызды бұл керемет күнмен және жаңа қоңыстарыңызбен құттықтаймын!», - деді Даниял Ахметов.

«Біздің отбасы үшін бүгін бақытты күн. Жастарға қолдау көрсеткен мемлекетімізге алғысым шексіз. Әуел бастан қолдауды сезініп келемін. Мен өз күшіммен ҰБТ тапсырып, қажет ұпайды жинаған соң медициналық академияға грантқа оқуға түстім. Қазір баспанамен қамтамасыз етілдім», - деді №2 қалалық аурухана бөлімшесінің балалар дәрігері Антон Рамм.

Іс-шараның салтанатты бөлімі аяқталған соң облыс әкімі бір-екі пәтерге кіріп шығып, тұрғындарды құттықтады.


Соңғы жаңалықтар