Семейлік жастар Лондонда студенттік кәсіпкерлік бойынша Әлем кубогына қатысып жатыр
Биылғы жылы Қазақстанды Семей қаласының Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің командасы таныстырады, ол еліміздің 50 университеттік командаларының арасында республикалық байқауда жеңімпаз атанды. Команда ШҚО ауылдарында жұмыссыздық мәселесін шешу және фермерлік шаруашылықтарда жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша жобаларды ұсынады.
Әлем кубогы - Париж, Нью-Йорк, Сингапур, Лондон, Барселона, Берлин, Куала-Лумпур, Йоханнесбург, т.б. әлемнің 36 елінен ұлттық чемпиондар бас қосатын алаң. Enactus Әлем кубогы 6000-нан астам қатысушыларды және 30 000-нан астам онлайн бақылаушыларды - бүкіл әлемнің бизнес және білім өкілдерін біріктіреді. Белгілі xалықаралық компаниялар, мысалы: KPMG, Walmart, Microsoft, және т.б., (450-ден астам xалықаралық корпорациялар) Enactus серіктестері болып табылады, олар бағдарламаның белсенді дамуын қолдайды және студенттік жобаларды Enactus Әлем кубогында бағалайды.
Әр елдің делегациясында студенттер ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлер де ұсынылған. Қарқынды үш күн шеңберінде келесі іс-шаралар өткізіледі: Мәдениет жәрмеңкесі, Елдер шеруі, Демеушілер жәрмеңкесі, Action Leaders Forum. Осы уақыт ішінде ірі халықаралық компаниялардың басшылары азық-түлік қауіпсіздігі, энергетикалық қауіпсіздік және әйелдер кәсіпкерлігі сияқты жаһандық мәселелердің шешу жолдарын талқылайды және Top Up Future Top Forum - топ-менеджерлер мен студенттер үшін интерактивті сеанстар өткізіледі.
Enactus ұйымының негізгі идеясы - кәсіпкерлікті дамыту үшін студенттік, академиялық және бизнес көшбасшыларының күш-жігерін біріктіру, бизнестің экономикалық тиімділігін және өмір сүру сапасын арттыратын түпнұсқа идеяларды енгізу.
Студенттік кәсіпкерлікті дамыту жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тартуға және шағын және орта бизнеске жол ашады. Бұл модель бүкіл әлемде сәтті қолданылуда: 40 жылдан астам уақыт бойы студенттер кәсіпкерлік дағдыларын дамытып, табысты бизнес көшбасшыларына айналып келеді. Халықаралық бизнес өкілдері бұл жобаны үлкен қызығушылықпен қолдайды.
ENACTUS өкілдіктері 36 елде, соның ішінде Қазақстанда да жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ENACTUS белсенді студенттерінің саны 70 000-нан асады. Әлемдік танымал университеттер жыл сайынғы ұлттық және әлемдік кубоктарға қатысады. Біздің ортақ ұранымыз: We all win (біз барлығын жеңеміз).
ENACTUS студенттерінің әрқайсысы өздерін жеңіп және дағдарысты,құлдырауды жеңу үшін өте маңызды болып табылатын өмірлік мектептің тәжірибесін, практикалық дағдыларын қадамға айналдырды.