Семейлік жігіт сайлау учаскесінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны сайлау учаскесінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейлік жігіт сайлау учаскесінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі және түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауында Семейдегі №93 сайлау учаскесінде ерекше жағдай болды. Жас жігіт көптің көзінше сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдірді.

«Бұл өмірімдегі ең ерекше күн. Болашақ жарыма көпшіліктің көз алдында шаңырақ көтеруге ұсыныс жасағым келді. Бәрі ойдағыдай болды. Қуанышымда шек жоқ!», - дейді семейлік.

Дауыс беруге келген басқа сайлаушылар жастарға бақыт тіледі.

Айта кетейік, қала бойынша барлығы 149 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам бар.