«Семіз полицейлер сан соғып қалуы мүмкін» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 8 мамыр, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

     ***

Кеше Ақордада Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қол­­­­басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне және елі­­міздің Қарулы Күште­рі­нің 20 жылдық мерейтойына байланыс­ты елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қор­ғаныс қабілетін қамта­масыз етуге елеулі үлес қосқан бір топ әскери қыз­метшілер, құқық қорғау ор­гандары мен ұлт­тық қау­і­псіздік қызмет­кер­­лері­не жоғары әскери шендер мен арнаулы атақ­тар тап­сырып, мемле­кеттік наг­радалар­мен марапаттады. Мемлекет басшысы марапаттау рә­сімінде барша Қазақстан халқын, оның ішінде әскери қызметкерлерді, жауын­гер­лерді, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен барлық әскери борышын өтеген азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.  «Тәу­елсіздік алған 20 жылдың ішінде біз Қа­зақстанның төл офицерлерін дайындап шығардық. 20 жылдың ішінде сіздер әс­ке­ри қызметтің неше түрлі сатысында болып, өздеріңіздің қызметке деген адал­дықтарыңызбен, отансүйгіш­тіктері­ңіз­бен көзге түсіп, осындай дәрежеге жеттіңіз­дер. Бұл күнді мен Жоғарғы Бас қолбас­шы ретінде өзімнің Жарлығыммен дәре­же­сін көтеріп, мемлекеттік мереке ретін­де бел­гіледім. Бұл - біздің жастарды тәр­биелеу үшін, патриоттық сезімді ояту үшін жасалып отырған шара», - деді Елбасы. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарық көрген «Адалдыққа лайықты марапат» атты мақалада жазылған.

 Аталмыш басылым Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтен алған сұхбатын жариялады. «Қуатты әскер - тұрақтылық пен қауіпсіздік кепілі» деген тақырыптағы бұл сұхбатта Халық Қаһарманы әскери салада бойынша өз ойымен бөліседі. «Өз тарихында талай рет қолына қару алып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғауға тура келген қазақ халқының ерлігі мен қаһармандығын еске түсіру мейілінше әділетті болмақ деп ойлаймын. Дегенмен, қазақ халқының сан ғасырлық тарихында қара күшті санадан ешқашан жоғары қоймағанын атап өткім келеді. Біздің ата-бабаларымыздың өзге елдің жерлерін жаулап алмақ болған жағдайлары тарихта болған емес. Олар жат жұрттық басқыншылар жерлерін жау­лап алып, өздерін езгіге салмақ болған кездерде ғана батырлық пен қайсарлық таныта отырып, күшке жүгінген»,-дейді С. Нұрмағамбетов.

                        ***

 Кеше 59 жастағы Владимир Путин араға бір мерзім салып үшінші мәрте Ресей Президенті ретінде ұлықтау рәсімін өткізді. Путин биылғы 4 наурызда өткен сайлауда 63,75 пайыз дауыс жинап, Ресейдің екінші (Б. Ельцин) және (Д. Медведевтен кейін) төртінші президенті тағына көтерілді. Көрші елдегі Конституциялық өзгерістерге байланысты В. Путин енді төрт жылға емес, алты жылға, яғни 2018 жылға дейін президенттік өкілеттігін атқаратын болады.  Аталған тұлғаның Кремльге қайта оралуы мен оның идеологиясы  «Алаш айнасы» басылымында «Путиннің үшінші кезегі» атты тақырыптағы мақалада кеңінен жазылған.

 Сондай-ақ,  «Алматыда бокстан Елбасы кубогының жүлдесі жолындағы халықаралық турнир мәресіне жетіп, жерлестеріміз жеті алтынға қол жеткізді. Оның алтауын ұлттық құраманың бірінші нөмірлілері иеленсе, тағы бір алтынға Қазақстан-2 командасының өкілі Әсет Қасымов қол жеткізді. Қалған үш алтын қонақтарға бұйырды»,-деп жазады «Алаш айнасы»газеті. Мақала «Елбасы кубогындағы жетістігіміз - жеті алтын» деген тақырыппен берілген.

    ***

  Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Мейірхан Жаманбаев артық салмағы бар, нақтырақ айтқанда, құқық қорғау органдарының семіз полицейлері өз еркімен қызметтен кетуі тиіс деген тұрғыда ұсыныс айтты. Бұл мәлімдемені ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене бітімі дайындығын тексеруге қатысты болған дайындық шарасы барысында айтты. Бұл хабарды «Айқын» газеті жариялап отыр. Бұл ақпарат «Семіз полицейлер сан соғып қалуы мүмкін» деген тақырыппен жазылған.

 ***

«Казахстанской правда» газетінде кеше Ақорда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар әскери қызметкерге арнаулы атақтар мен шендерді табыс еткендігі берілген.

  Атап айтқанда, генерал-лейтенант шені ҚР Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Жоламановқа, авиация генерал-майоры шені ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары Асқар Бөлдешевке, генерал-майор шені «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдиновке, генерал-лейтенат шені ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Жұмақановқа, генерал-майор шені ҚР ҰҚК Сараптама және стратегиялық жоспарлау департаментінің басшысы Сейітжан Шалабаевқа, генерал-майор шені ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры Мейрам Ысқақовқа, генерал-майор шені ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары Қанат Оразқұловқа табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар