Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды

Семсерлесу
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Таразда семсерлесу спортынан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының жалауы желбіреді. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, алғашқы жарыс күнінде саблямен семсерлесуден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 

Жасөспірім ұлдар арасында алматылық Хасен Диас жеңіске жетсе, қыздар арасында Айша Сыздыққа тең келер ешкім болмады. 

Командалық сында Шымкент қаласы бірінші, Жамбыл облысы екінші орынға қол жеткізді. Қола жүлдені Алматы қаласының командалары еншіледі. 

Соңғы жаңалықтар
telegram