«Semser» арнаулы оқу орталығының 3 жылдығына орай Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бүгін Алматыда «Semser» компаниялар тобының бастамасымен «Semser» арнаулы оқу орталығының құрылуына 3 жыл толуына орай «Стратегиялық және басқа да қауіпті өндірістік объектілердің кешенді қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті»,

«Semser» арнаулы оқу орталығының  3 жылдығына орай  Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталған шараға 40 астам ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Соның ішінде «Самұрық- Қазына» әл-ауқат қоры тобына кіретін «Тенгизшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «Газпром», «ЛУКОЙЛ» сияқты өзге де бірқатар ірі отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері бар. Жиынға сонымен қатар Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сондай-ақ өзге де бірқатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктің сараптамалық орталықтардың өкілдері қатысты.

Конференция барысында қазіргі қауіп-қатерлер, соның ішінде экстремистік, террористік бағыттағы әрекеттердің алдын алу мақсатында стратегиялық және басқа қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ мәжіліс барысында мемлекеттік емес күзет ұйымдарының, өртке қарсы және апаттық- құтқару саласы қызметкерлерінің кәсіби дайындық мәселесі сөз болды.

Бұған қоса конференцияда «Semser» оқу орталығының өкілдері мамандарды атыс даярлығына жаттықтыру, жарылыс заттарын арнайы үйретілген иттермен іздестіру, жедел әрекет ету топтарының өзара әрекеттесуі, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету сияқты шаралар бойынша тәжірибелерімен бөлісті.