Семсерлесу: Әлем кубогы кезеңінде қазақ спортшылары күміс медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде қазақ спортшылары командалық сында күміс жүлдеге қол жеткізді.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшелері Богдан Лукир, Георгий Тинников, Ғабиден Мұстафин және Алексей Касаткин финалда жарыс қожайындарына ғана есе жіберді.
Аталған спортшылар былтыр да осындай нәтижемен қуантқан болатын.
Айта кетейік, қазіргі таңда шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Халықаралық семсерлесу федерациясының командалық рейтингінде алғашқы алтылыққа енеді.