Семсерлесу бойынша Әлем кубогы кезеңінде ҚР құрамасы «күміс» жүлде ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Ванкуверде Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Онда семсер бойынша Қазақстан ерлер құрамасы командалық біріншілікте күміс жүлдегер атанып, отандық семсерлесу тарихындағы ең биік табысқа қол жеткізді, деп жазады Sports.kz.
None
None

Гонконгтан қарсыластарын - 45:22 есебімен жеңіп бастаған құрама Ресей құрамасын - 45:39, Жапония - 45:33 және Украинаны - 45:43 есебімен ұтты. Финалда Венгрия өкілдеріне 36:42 есебімен есе жіберді.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына 52 рейтингтік ұпай әкелді, бұл Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадалық ойындарға жолдама алуда біздің спортшыларымызға үлкен жол ашады.

Соңғы жаңалықтар