Семсерлесуден 2027 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - 2027 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Olympic.uz сайтына сілтеме жасап. 

әлем чемпионаты
Фото: Olympic.uz

Ташкент қаласында Халықаралық семсерлесу федерациясының кезекті Конгрессі сәтті өтті. Онда Алишер Усмоновтың осы ұйымның басшысы болып тағы да сайланғаны хабарланды.

Сондай-ақ Өзбекстан семсерлесу федерациясының бас хатшысы Гүлнара Саидова Халықаралық семсерлесу федерациясының Атқару комитетінің мүшесі болды.
2027 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда өтетіні атап өтілді. Жоспар бойынша жарыс 20-28 шілде аралығында Ташкентте өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жастар арасындағы Азия ойындары Өзбекстанда өтпейтін болғаны жайлы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар