Семсерлесуден лицензиялық жарысқа кімдер барады

АСТАНА. KAZINFORM – 27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден өтетін Азия аймақтық іріктеу турнирінде ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылар белгілі болды.

лицензиялық жарыс
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, төртжылдық додасына жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстаннан 5 спортшы сынға түседі.

Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

Әйгерім Сарыбай - семсер

Артем Саркисян - семсер

София Николайчук - шпага

Ғалым Нұрымов - рапира

София Ақтаева - рапира

Айта кетелік, мұнда әрбір қару түрінен бір жолдамадан ойнатылады. Сондықтан, Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін тек қана бірінші орын иелену керек.

Соңғы жаңалықтар