18:24, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Сенат: Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде мерекелер туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы қаралды
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы қаралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Заң жобасы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға Наурыз мейрамы мемлекеттік мерекесін қазіргі бір күн - 22 наурыздың орнына 21-23 наурыз күндері мерекелеу туралы өзгеріс енгізуді қарастырады. Парламент Мәжілісінде талқылау барысында тамыздың 30-ы - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып, ал қазанның 25-і - Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған болатын.