Сенат арнаулы мемлекеттік органдар мәселелерін қамтыған заң жобасын екінші оқылымда қабылдады

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда мақұлдап, құжатты қабылдады.
None
None

Аталған заң жобасы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңында көзделген нормаларды іске асыруға бағытталады. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі отырысында Сенат осы негізгі құжатты да қабылдаған болатын.

Ілеспе заң жобасына сәйкес, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Еңбек кодексіне, сондай-ақ өзге де заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар ұсынылады. Естеріңізге сала кетейік, негізгі заң арқылы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдардың мәртебесі мен негізгі міндеттері айқындалады, мұндай органдарға қызметке тұрумен, оны өткерумен және тоқтатумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондай-ақ, құжат арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі және әлеуметтік қорғалуы айқындалады.

Соңғы жаңалықтар