Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселесін қамтыған жобаны мақұлдады

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселесін қамтыған жобаны мақұлдады

заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы ауыл шаруашылығын нығайту жөніндегі шаралар қолдану кезеңінде ел экономикасында айрықша маңызға ие болмаған мал шаруашылығы салаларын қалпына келтіруге байланысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған. «Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының негізгі салалары дамығаннан кейін елде балық шаруашылығы мен бал арасы шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шаралар дамытыла бастады. Осы ретте болып жатқан өзгерістер қолданыстағы заңнаманың жекелеген норомаларын қолданудың және орын алған олқылықтарды жоюдың қалыптасқан тәжірибесіне сәйкес, тиісті нормаларға түзетулер енгізіледі», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Осыған орай, заң жобасында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайту мақсатында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын реттеулер көзделеді. Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттау мен қайта аттестаттауды регламенттеу қайта қарастырылады. Селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізу мәселелерінде мақсаттар мен міндеттердің аражігі ажыратылады.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы, екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылды.