Сенат Азаматтық кодекстің институттарын жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады
Аталған құжат экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтау кезінде Азаматтық кодекстің институттары мен нормаларын жетілдіруге бағытталады. Сонымен бірге жекеменшік институттармен келісімшарттық қатынастарды барынша нығайтуды көздейді. Мәселен, осындай институттармен келісімшарттық қатынастарды нығайту мақсатында құжат бойынша мәміле жарамсыздығына, кепілдік жарна институтын енгізуге, көлік құралын экипажсыз жалдау шартына қатысты біршама өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек заң жобасымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған нормалар қамтылып отыр. Заңды тұлғаның жеке мүліктік емес құқықтарды бұзғаны үшін моральдық зиянды өндіріп алу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған түзетулер де енгізіліп отыр. Жалпы алғанда жобаға сәйкес қолданыстағы 26 заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Заңнама және құқықтық мәселелер комитетіне тапсырылады.