Сенат баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасының мақсаты балаларды әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл ретте құқық қолдану практикасының басымдықтарын жазалау-қуғындау шараларынан профилактикалық және қорғау функцияларына қаарй өзгерту шаралары қамтылады. Атап айтқанда, құжатта баланың құқықтарын қорғау мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық шаралар жүйесін кеңейту көзделеді. «Осыған орай, заң жобасында ұрлық, тонау және бопсалаушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік басталатын жасты 14-тен 16-ға дейін ұлғайту көзделеді. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін жауаптылық көзделген бап енгізіледі. Бұдан бөлек кәмелетке толмаған баланың эротикалық сипаттағы материалдарды сатуына тиым салынады», деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер вице-министрі Александр Кулинич.

Оның сөзіне қарағанда, құжатта сондай-ақ кәмелетке толмағандарды олардың денсаулығына зиян тигізетін ауыр жұмыстарға немесе олардың білім алуына кедергі келтіретін жұмыстарға тартуға тиым салынады. Заң жобасы бойынша дамыған елдердің балалар құқы бойынша тәжірибелері зерделеніп, ескерілген.

Соңғы жаңалықтар