Сенат Білім туралы заңға өзгеріс енгізетін заң жобасын Мәжіліске қайтарды

ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Білім туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
None
None

Аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, заң жобасының мақсаты - құқық қолдану тәжірибесінің барысында туындаған олқылықтарды жою және отандық білім беру жүйесінің нормативті құқықтық базасын жетілдіру болып табылады. Атап айтқанда, құжатта іске асырылатын білім беру бағдарламаларына және жүзеге асырылатын ғылыми зерттеу қызметінің көлеміне қарай жоғары оқу орындарының: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, университеттер, академиялар, институттар болып жіктелуін өзгерту мәселесі қарастырылған.

Сонымен қатар онда білім беру ұйымдарының профессор деген академиялық атақтар беру жөніндегі құзіретін алып тастау көзделген. Бұған қоса техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде қабылдау квотасының мөлшерін айқындау және бекіту бойынша толықтыру енгізу қарастырылған.

Отырыс барысында заң жобасын талқылай келе, депутаттар аталған құжаттың ішкі үйлесімсіздігін жойып, бірқатар заң талаптарымен сәйкестендіру қажет деп тапты. Осыған байланысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар