Сенат бүгінгі отырыста 5 заң жобасын қарайды

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат – Бүгін түстен кейін (сағат 15.00-де) болатын Сенаттың кезекті отырысында палата депутаттары 5 заң жобасын қарайды,

Сенат бүгінгі отырыста 5 заң жобасын қарайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутаттар талқысына ұсынылатын Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда, ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары екінші оқылымда қаралатын болады. Отырыста сонымен қатар Сенат депутаты Бауыржан Мұхаметжанов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланады.