Сенат бюросы өтті

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында палатаның қаңтардың 15-інде болатын кезекті отырысының күн тәртібі туралы тұрақты комитеттердің ұсыныстары қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Депутаттардың талқысына «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартын ратификациялау туралы» және «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіге Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары ұсынылатын болды. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Йордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары да талқыға салынатын болады. Жалпы отырысқа «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да ұсынылады. Одан басқа депутаттар «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да қарайды. Бюрода сондай-ақ Сенаттың үстіміздегі жылға арналған Негізгі іс-шаралар жоспары талқыланды.
Соңғы жаңалықтар