Сенат бюросы палата отырысының күн тәртібін нақтылады

Бюрода Парламент Мәжілісінде мақұлданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ҚР ІІМ-нің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратына берілді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті аталған заң жобасын одан әрі пысықтау үшін бас комитет болып белгіленді.
Бюрода сондай-ақ 2012 жылғы 13 желтоқсанда болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі талқыланды. Отырыста «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасын және бірінші оқылымда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер қарастырылады. Бұдан басқа, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын екінші оқылымда қарау жоспарлануда.