Сенат Бюросы палата отырысының күн тәртібін нақтылады

Бюрода Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратына берілді. Бұл туралы Сенатттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Сонымен қатар, отырыста Табиғаты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын пысықтау жөніндегі бас комитет болып белгіленді. Сондай-ақ, Бюрода Сенаттың 2013 жылғы 21 ақпанда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі талқыланды. Ол бойынша палата басқосуында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын және алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары қаралатын болды.
Одан басқа, депутаттар «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайтын болды.