Сенат Бюросы палатаның алдағы отырысында талқыланатын мәселелерді нақтылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтіп, онда Палатаның 29 қазанда болатын кезекті отырысының күн тәртібі келісілді. Депутаттар он төрт заң жобасын қарауды жоспарлады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Бюро ұсынысына сәйкес, депутаттар қарауына Қазақстан мен Монако арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты және Мажарстанмен арадағы дәл осындай шартты, сондай-ақ Сербиямен Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы үкіметаралық келісімді талқылау шығарылатын болады.

Бұдан бөлек, палата депутаттары «Ақпараттандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Органикалық өнім өндіру туралы» заң жобаларын және заңнамаға білім беру мәселелері бойынша түзетулерді талқыламақ. Осы заң жобаларының ілеспе құжаттары да бірінші оқылымда талқыланады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, Бюро таяуда Мәжіліс мақұлдаған бес заң жобасын Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлді. Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» және сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары берілді. Қаржы және бюджет комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жүргізу тапсырылды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүгедектердің құқықтарын қорғаумәселелері бойынша түзетулер жобасын қарайтын болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум