Сенат Бюросы палатаның алдағы отырысының күн тәртібін бекітті

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілік етуімен Палата Бюросының отырысы болды. Бюрода Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратқа берілді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Атап айтқанда, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚҚДБ) арасындағы Қарыз туралы келісімге Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі түзетулерге қатысты Қарыз туралы келісім-хатты ратификациялау туралы» заң жобасын пысықтау жөніндегі бас комитет болып белгіленді. Сонымен қатар, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне «Қазақстан мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты, сондай-ақ сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын пысықтау тапсырылды. Бұдан бөлек, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы және еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Ал Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бас комитет болды.

Бюрода үстіміздегі жылғы 2 мамырда болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі де талқыланды. Отырыста бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялау туралы заң жобаларын қарау жоспарланды. Атап айтқанда, ҚР мен ХҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісімге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі) түзетулерге қатысты Қарыз туралы келісім-хат; ҚР мен ХҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім (Шығыс-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі) қаралады.

Сенаттың отырысында сондай-ақ ұстап беру туралы және сотталған адамдарды беру туралы Испаниямен екі келісім де талқыға түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар